Дүйсенбі, 01 желтоқсан, 12:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91 (2203)
29.11.2025
PDF мұрағаты

Қазақстандағы әуежайда бала саудасына қатысы бар Қытай азаматтары ұсталды

01.12.2025

30 0

Фото: Бақытжан БАТЫРХАНҰЛЫ - архив

Алматы әуежайында қолында суррогат аналардан туған сәбилері бар қытайлық екі отбасылық жұп Қазақстаннан кетпек болғанда ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Шетелдіктердің балаларға қатысты құжаттары болған. Бірақ олар Қазақстаннан шыға алмады. 

Алматы қаласының полиция департаменті әуежайда Қытай азаматтарының ұсталғанын растады.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 1-бөлігі (кәмелетке толмағандарды саудалау) бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қылмыстық іс аясында істің барлық мән-жайларын толық, объективті және жан-жақты зерттеуге бағытталған ҚР Қылмыстық-процесссуалдық кодексінің 24-бабында көзделген талаптар қамтамасыз етілуде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға жол бермеу) сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары жария етілуге жатпайды, – деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: