Сейсенбі, 24 желтоқсан, 00:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандағы бейнебақылау камераларына бет-әлпетін тану жүйесі қосылады

06.08.2024

263 0

Фото: vecstock / Freepik

Алматы мен Атырауда бейнебақылау камераларына бет-әлпетін тану үшін жасанды интеллект қосылды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Бет-әлпетін тану жүйесін енгізу туралы Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Берік Асыловтың айтуынша, Бас прокуратура сот төрелігінен жасырынған адамдарды іздестіруді қадағалауды күшейтті. Прокурорлар адамдар көп жиналатын жерлерде бейнебақылау камераларын бақылау арқылы 53 қашқынды танып, ұстау шараларын қабылдады.

Енді бұл жұмысқа ЖИ қосылды, бірақ әзірге тек екі қалада.

«Биыл тамыздан бастап Алматы мен Атырау қалаларындағы бейнебақылау камераларына біз қашқын қылмыскерлерді, борышкерлерді және хабар-ошарсыз кеткендерді автоматты түрде тану бойынша AI элементтерімен IT-әзірлеуді қостық. Екі күн ішінде тергеуден жасырынған 2 адам және хабар-ошарсыз кеткен 2 адам танылды», – деді Берік Асылов.

Ол AI көмегімен камералар арқылы тіпті сыртқы келбеті қатты өзгерген адамдарды да табуға болатынын атап өтті.

Бас прокурор барлық өңірде бет-әлпетін тану жүйесін енгізуді тапсырды.

Бас қадағалау органының мәліметінше, қазір 9 мыңнан астам адам іздестіріліп жатыр, оның ішінде 2,2 мың қылмыскер және 2 мың жоғалған адам бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: