Бейсенбі, 26 наурыз, 22:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№21 (2232)
22.03.2026
PDF мұрағаты

Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы қанша

26.03.2026

71 0

Фото: Shutterstock

Зейнетақы жинақтарынан ақша алу үшін жеткілікті шегі 10 пайызға ұлғайтылады. Бұл жөнінде сенатта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, – деп хабарлайды  kursiv.media

Министрдің айтуынша, зейнетақы жинақтарынан ақша алуды есептеу формуласы қайта қаралады. Тиісті қаулы жобасы әзірленіп, қазіргі уақытта келісу кезеңінде тұр.

«Былтыр азаматтың жеткіліктілік шегі шартты түрде 2 млн теңге болса, биыл осы сомаға инфляция деңгейі шамамен 10% үстеме қосылады. Соның нәтижесінде жаңа шек өткен жылмен салыстырғанда сәл жоғары болады», – деп түсіндірді Ертаев.

Соңғы бес жылда қазақстандықтар зейнетақы шоттарынан шамамен 5 трлн теңге шешіп алған. Оның ішінде шамамен 1 трлн теңгені 20 мен 35 жас аралығындағы жастар шешкен. Министрлік зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін белгіленген ең төменгі жеткіліктілік шектерін арттыруды қажет деп есептейді.

Министрдің сөзінше, Қазақстанда ең көп зейнетақы алатын адамның шотына айына 993 мың теңге түседі. Десе де оның кім екені сенаттағы жиында айтылған жоқ.

Бұған дейін енді БЖЗҚ қаражатын қайтадан тіс емдеуге пайдалануға болатыны хабарланған. Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова бұл мәселені көтеріп жатқанын айтқан. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: