Жексенбі, 15 наурыз, 17:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19 (2231)
14.03.2026
PDF мұрағаты

Қазақстандағы учаскелерде бәрі жан-жақты ойластырылған – Армения ОСК төрағасы референдум туралы

15.03.2026

46 0

Фото: Армения ОСК төрағасы

Қазақстанға халықаралық миссия құрамында келген Армения Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ваагн Овакимян республикалық референдум барысы туралы өз әсерімен бөлісті.


Біз үшін ең бастысы – басқа елдерде сайлау мен референдумдардың қалай ұйымдастырылатынын көру. Бір-біріміздің тәжірибелерімізді зерттеп, қандай тиімді тәсілдерді қолдануға болатынын саралаймыз. Бұл – достық әрі кәсіби тәжірибе алмасу, – деді ол.


Бақылаушы әсіресе сайлау учаскелеріндегі ұйымдастыру жұмыстарына назар аударды.


Мен барған барлық учаскеде мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба, сондай-ақ азаматтарға арналған ақпараттық бұрыштар қойылған. Арменияда мұндай бұрыштар мектептерде бар. Ал мұнда олардың әлдеқайда жүйелі ұйымдастырылғанын көрдім. Бұл біз үшін өте қызықты әрі пайдалы тәжірибе, – деп атап өтті ол.


Сондай-ақ Ваагн Овакимян дауыс беру барысында бәрі тыныш әрі реттелген екенін де жеткізді.


Дауыс беру процесі бірқалыпты өтуде, азаматтар еркін әрі сенімді түрде дауыс беріп жатыр. Барлығы әр адамға қолайлы әрі жеңіл қатысуға мүмкіндік беретіндей ұйымдастырылған. Мұндай процесті бақылау – тәжірибе жинап, үйренудің жақсы мүмкіндігі. Бұл – референдумды жоғары деңгейде ұйымдастырып, азаматтарға құрмет көрсетудің айқын үлгісі. Қазақстанға бейбітшілік, бірлік және тұрақты даму тілеймін, – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: