Жұма, 27 желтоқсан, 23:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандық блогер Түркіменстанда тұтқындалды

26.11.2024

445 0

Сурет:

Түркіменстан шекарашылары «Евро Союз» деген лақап атпен танымал қазақстандық блогер Ерхат Құсайыновты тұтқындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер Алматыдан Абу-Дабиге автостоппен баруды жоспарлап, сапарда болған. Соңғы рет 17 қарашада байланысқа шығып, Самарқанд пен Бұхарада болғаны туралы айтқан. Осыдан кейін блогер әлеуметтік желілерден ғайып болып, достары дабыл қаға бастады.

Ерхаттың жоғалып кеткені туралы оның Диас есімді блогер досы бірінші болып хабарлады. Ол өз парақшасында оқырмандарынан көмек сұрап, видео жариялады. Кейінірек Диас Ерхаттың табылғанын, ол Түркіменстанға келіп, мемлекеттік органдармен қиындықтарға тап болғанын жазды.

«Достар, Ерхат табылды! Қазіргі уақытта ол байланысқа шыға алмайды. Тек оның тірі және Түркіменстанда екенін білеміз. Шамасы, сол жақтағы мемлекеттік органдарға қатысты мәселелер бар, визаға немесе құжаттарға байланысты болуы мүмкін, бұл әлі анық емес», – деп жазды блогердің досы. 

Ақпаратты сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.

«Оны түркімен шекарашылары өзбек-түрікмен мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін ұстады, біздің елшілік бұл мәселеден хабардар, консул ұсталған азаматпен кездесуді сұрады», – деді Смадияров.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: