Сейсенбі, 06 қаңтар, 20:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1, (2213)
06.01.2026
PDF мұрағаты

Қазақстандықтар енді көліктеріне өз қалауы бойынша нөмір тапсырыс бере алады

05.01.2026

91 0

Фото: shutterstock

2026 жылдан бастап Қазақстанда жаңартылған Салық кодексі күшіне енді. Құжатта қазақстандық автокөлік жүргізушілеріне мемлекеттік нөмірлердегі әріптік және сандық комбинацияларды өз қалауынша таңдауға мүмкіндік беретін норма да қарастырылған, – деп хабарлайды  kursiv.media

Егер таңдалған комбинациялар жоғары сұранысқа ие тіркеу нөмірі ретінде арнайы тізімге енбесе, Салық кодексінің 667-бабына сәйкес мемлекеттік баж мөлшері 10 АЕК, яғни 2026 жылы 43 250 теңгені құрайды.

Бастапқы кезеңде нөмірді өз қалауыңыз бойынша тек арнайы ХҚКО-лар арқылы тапсырыс беруге болады, ал жақын арада бұл қызмет онлайн жүйеде де қолжетімді болмақ.

Еске салайық, әдеттегі бос мемлекеттік нөмірді таңдаған жағдайда бар болғаны 2,8 АЕК немесе 12 110 теңге төленеді. Ал VIP-нөмірлердің құны 15-тен 285 АЕК-ке дейін, яғни 64 875 теңгеден 1 232 625 теңгеге дейін өзгереді.

Айта кетейік, Қазақстанда eGov.kz порталы арқылы автокөлікті тіркеуге болатын пилоттық жоба іске қосылды. Енді көлік иелеріне кезекте тұрудың қажеті жоқ, өтінімді толықтай онлайн беруге болады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: