Жұма, 02 қаңтар, 12:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100, (2212)
31.12.2025
PDF мұрағаты

Қазақстандықтар енді көліктеріне өздері нөмір таңдай алады

02.01.2026

58 0

Фото: gov4c.kz

Қазақстандықтар 2026 жылғы 2 қаңтардан бастап мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін еркін таңдай алады. Бұл туралы бүгін, 2 қаңтарда ҚР ІІМ ресми өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халық үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген кез келген қажетті цифрлық және әріптік белгілермен МТНБ-ны еркін таңдауды көздейтін нормалар әзірленді.А

«5 қаңтардан бастап азаматтар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы таңдай алады. Бұл ретте, кез келген қажетті әріптік және цифрлық белгілері бар МТНБ құны 10 АЕК және 15 АЕК мөлшерінде болады (жоғары сұранысқа ие МТНБ-ны қоспағанда)», – деді ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: