Apple жаңа смартфондарын таныстырды: iPhone 17, iPhone 17 Pro, Pro Max және iPhone Air. Сондай-ақ AirPods Pro 3 жаңартылды, онымен бірге жаңа Apple Watch шықты. Қазақстанда құрылғылар ресми түрде қашан сатылымға шығатыны туралы хабарланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
iPhone 17 қанша тұрады?
Қазақстандағы ең ірі техника желілерінің колл-орталықтарына хабарластық, бірақ нақты бағаларды әзірге ешкім айтпай отыр, тіпті шамамен де. Барлығы ресми сатылым басталғанға дейін құпия сақталады.
Apple сайтында баға қандай?
Apple сайтында ресми бағалар жарияланды.
- iPhone Air – 999 доллардан басталады (шамамен 534 мың теңге). Алдын ала тапсырыс жұма күні ашылады, ал сатылым 19 қыркүйекте басталады.
- iPhone 17 – 799 доллардан басталады (шамамен 481 мың теңге).
- iPhone 17 Pro – 1099 доллардан басталады (шамамен 593 мың теңге).
- iPhone 17 Pro Max – 1199 доллардан басталады (шамамен 647 мың теңге).
- AirPods Pro 3 – 249 доллардан басталады (135 мың теңге).
- Apple Watch Series 11 – 399 доллардан басталады (215 мың теңге).
- Apple Watch Ultra 3 – 799 доллардан басталады (430 мың теңге).
Сатылым 26 қыркүйекте басталады
Қазақстандағы ірі электроника желілері iPhone 17 сатылымының қашан басталатынын жариялады. Берілген мәліметтерге сәйкес, 26 қыркүйектен бастап қазақстандықтар жаңа гаджеттерді сатып ала алады.
«26 қыркүйектен бастап сатылымда: iPhone 17, iPhone 17 Pro және Pro Max, iPhone Air, сондай-ақ жаңа Apple Watch үлгілері Series 11, Ultra 3 және SE 3. Apple әлеміне толықтай кіру үшін AirPods Pro 3-те ұсынылады», – делінген танымал техника дүкенінің хабарламасында.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!