2025 жылы Қазақстандағы жеткізу және пошта нарығы 86 млрд теңгеден асты. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 0,4%-ға аз болса да, нарық Қазақстандағы e-commerce саласының негізгі қозғалтқышы болып қала береді, – деп хабарлайды kursiv.media
Курьерлер пошта қызметінен озып кетті
Жеткізуге жұмсалған шығыстардың жартысынан көбі Алматыға тиесілі. Мегаполис тұрғындары шамамен 51 млрд теңге жұмсаған, бұл бір адамға жылына 22 000 теңгеден шығады.
«Салыстырмалы түрде алсақ, қазақстандық орташа есеппен жылына тек 4 300 теңге жұмсайды, яғни күніне 11 теңге. Астана – 11 млрд теңге, ал шалғайдағы Ұлытау облысы күрделі логистикаға байланысты 170 млн теңгеден аса алмай отыр», – делінген Ұлттық статистика бюросының есебінде.
Хаттар мен конверт жеткізу дәурені өтті. Қазір нарықтың 80–90%-ын курьерлік қызметтер алып отыр. Маркетплейстердің дамуы «қолдан-қолға» жеткізуді қалыпты үрдіске айналдырды, ал Қазақстандағы e-commerce үлесі бөлшек саудада 17,1%-ға жетіп, әлемдік деңгейдегі 20,5%-ке жақындады.
2025 жылдың қарашадағы мәліметін қарасақ, елде «дайын тағамды жеткізу» қызметі бойынша яғни курьер ретінде 11,3 мың жеке кәсіпкер тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 60% көп және 2018 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
