Қазан айында демалыс күндері мен мерекені қоса алғанда 9 күн демалыс бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанда 25 қазанда Республика күні аталып өтеді. Бұл мереке 2025 жылы сенбі күніне сәйкес келеді. Сондықтан ол күннің демалысы 27 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады.
Осыған байланысты 5 күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 25, 26 және 27 қазан күндері демалады.
Айта кетейік, қазан айында демалыс күндері мынадай болады:
4, 5 қазан (сенбі, жексенбі);
11, 12 қазан (сенбі, жексенбі);
18, 19 қазан (сенбі, жексенбі);
25, 26, 27 қазан (сенбі, жексенбі, дүйсенбі).
Сондай-ақ, қазан айында кәсіби және өзге де мерекелер – ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер бар.
Кәсіби мерекелер демалыс күндері болып табылмайды. Бірақ әріптестеріңізді, таныстарыңыз бен жақын адамдарыңызды құттықтаудың жақсы себебі болып табылады.
1 қазан – Радио күні
5 қазан – Мұғалімдер күні6 қазан
6 казан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні
10 қазан – Қазақстан кәсіптік одақтарының күні
19 қазан – Құтқарушы күні
19 қазан – Орман шаруашылығы қызметкері күні (қазанның үшінші жексенбісі)
24 қазан – Кітапханашы күні
26 қазан – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні (қазанның соңғы жексенбісі)
29 қазан – Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!