Қазақстандықтар 25 қазандағы Республика күніне орай үш күн қатарынан демалады, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Себебі биыл Республика күні жұмаға сәйкес келеді. Сондықтан аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады. Атап айтсақ, 25 қазан, жұма – Республика күні, ресми демалыс, 26 қазан, сенбі – әдеттегі демалыс, 27 қазан, жексенбі – әдеттегі демалыс.
Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер қосымша демалыс күнін пайдалана алады. Бірақ 26 қазан жұмыс істейді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!