Сенбі, 26 шiлде, 08:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№55, 2168
26.07.2025
PDF мұрағаты

Қазақстандықтар тамызда неше күн демалады

25.07.2025

203 0

Фото: Almaty.tv

Еліміздің азаматтары 30 және 31 тамыз күндерімен қоса, 1 қыркүйекте де демалып, үш күн қатарынан тыныға алады.

2025 жылы қазақстандықтар Тамыздың соңында атап өтілетін Конституция күніне байланысты ұзақ демалысқа шығады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл мемлекеттік мереке саналатын 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні сенбіге тап келеді. Еңбек кодексіне сәйкес, егер мереке демалыс күніне сәйкес келсе, қосымша демалыс келесі жұмыс күніне, яғни бұл жолы 1 қыркүйек – дүйсенбіге ауыстырылады.

Осылайша, еліміздің азаматтары 30 және 31 тамыз күндерімен қоса, 1 қыркүйекте де демалып, үш күн қатарынан тыныға алады.

Бұдан бөлек, тамыз айының өзге апталарындағы дәстүрлі сенбі-жексенбі күндері де демалыс ретінде сақталады. Атап айтқанда:

  • 2–3 тамыз,
  • 9–10 тамыз,
  • 16–17 тамыз,
  • 23–24 тамыз,
  • 30–31 тамыз күндері — ресми демалыстар.

Жалпы алғанда, 2025 жылдың тамызында қазақстандықтар 10 күн бойы демалады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: