Сәрсенбі, 26 қараша, 11:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

Қазақстандықтар үйді жөндеу үшін несиеге тәуелді

26.11.2025

6 0

Фото: Артём Чурсинов - архив

2025 жылғы алғашқы жартыжылдықта банктердің тауарлық кепілсіз тұтынушылық кредиттерінің 35%-ы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, ал 10%-дан астамы ірі тұрмыстық техникаға жұмсалған. Кредит алушылардың көпшілігі – 31-45 жас аралығындағы азаматтар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұндай мәлімет Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің редакциямыздың сауалына берген жауабында айтылған.

2025 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша банктердің тауарлық кепілсіз тұтынушылық кредиттер құрылымында негізгі үлес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға тиесілі. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректері төмендегідей бөліністі көрсетеді.

Кредиттің негізгі мақсаттары

  • 35,1% – тұрғын үй жағдайларын жақсарту (құрылыс материалдары, жиһаз және басқа да үйге қажетті тауарлар);
  • 10,3% – ірі тұрмыстық техника;
  • 8,3% – бизнес мақсаттары;
  • 8,2% – автокөлікке арналған тауарлар (шиналар, қосалқы бөлшектер, аксессуарлар);
  • 4,3% – киім мен аяқ киім;
  • 3,6% – сұлулық пен денсаулыққа арналған тауарлар, дәрі-дәрмек қоса алғанда.

Қарыз алушылардың жас құрылымы

Тұтынушылық кредиттегі негізгі үлесті орта жастағы азаматтар құрайды:

  • 31–45 жас – барлық тұтынушылық кредиттердің 46%;
  • 46–62 жас – 30%;
  • 22–30 жас – 18%;
  • 63 жастан жоғары – 4%;
  • 21 жасқа дейін – 1%.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: