Бейсенбі, 03 шiлде, 15:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48,2161
01.07.2025
PDF мұрағаты

Қазақстандықтар жыл басынан бері «БейнеХҚКО» сервисін 25 мыңнан астам рет қолданды

03.07.2025

41 0

БейнеХҚКО» сервисі мемлекеттік қызметтерге қашықтан жүгінуге мүмкіндік беретін сұранысқа ие цифрлық арналардың бірі. Тек 2025 жылдың басынан бері сервис 25 676 рет қолданылды.Сервис шалғай елді мекендерде немесе елден тыс жерлерде тұратын азаматтарға, мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ жұмысқа немесе отбасылық жағдайларға байланысты ХҚКО-ға бара алмайтын азаматтарға арналған.БейнеХҚКО арқылы сұранысқа ие қызметтер: бала туу және оның күтімібойынша жәрдемақы тағайындау,көп балалы отбасыларға және мүгедек адамдарға жәрдемақы тағайындау, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама алу, сондай-ақ мүгедек адамдарға әлеуметтік қызметтер мен түрлі көмек түрлерін рәсімдеу.«БейнеХҚКО» сервисін пайдалану қиын емес. Ең алдымен «ЦОН» мобильді қосымшасын (GooglePlay және AppStore арқылы) орнатып, тіркелу қажет. Әрі қарай, қосымшада бейнебайланыс бөлімін таңдап, операторға қосылу керек. Сервис арқылы ХҚКО қызметкері кеңес береді, құжаттарды рәсімдеуге және өтініш беруге көмектеседі жәнеқажет болса оператормен тілдесу терезесі арқылы жүктелген құжаттарды қабылдайды. Егер қызмет ақылы болса, төлем екінші деңгейлі банктың мобильді қосымшасы арқылы онлайн жүргізіледі. Қызметтің нәтижесін бейнеқоңырау барысында немесе кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында алуға болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: