Бейсенбі, 20 қараша, 13:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Қазақстандықтарды рұқсатсыз фото мен видеоға түсіруге тыйым салынуы мүмкін

20.11.2025

40 0

Фото: BAQ.KZ

Қазақстандықтарды рұқсатсыз фотоға және видеоға түсіруге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға өзгеріс енгізілуі мүмкін.

Пранктер бар, рұқсатсыз жасалатын түрлі түсірілімдер бар. Сондықтан бұл норманы, әрине, сіздермен бірге талқылаймыз. Өйткені жұмыс тобы енді ғана құрылып жатыр. Қаласаңыздар, барлығыңызды осы жұмыс тобына қоса аламын. Сол арқылы кімдерді түсіруге болады, кімдерді түсіруге болмайды, қалай түсіру керек: осының бәрінің шегін анықтап алайық, – деді ведомство басшысы Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.

Министрдің мәлімдеуінше, бастаманың мақсаты – қарапайым азаматтардың жеке өмірін қорғау. Қазір көпшілік орындарда адамдардың келісімін алмай-ақ түсіре салу жиілеген. Министр бұл норманың жеке азаматтарға қатысты екенін, қызметі ашық әрі жариялы саналатын лауазымды тұлғаларға қатысы жоқ екенін айтып отыр.

Бұл мәселелерді жұмыс тобында талқылайық. Себебі жеке өздері жазып, шағымданатындар да бар. Кей азаматтар шынымен «бір жерге бару мүмкін емес, достармен тыныш жүріп-тұрудың өзі қиын» деп жазады. Біз жұмыс тобын құрып жатырмыз және журналистерден де, қарапайым азаматтардан да келіп жатқан сұрақтар мен ұсыныстарды бірге қарастырамыз, – деді министр.

Аталған ұсынысты талқылайтын жұмыс тобы қалыптасу үстінде. Оған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін де тарту жоспарланып отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: