Бейсенбі, 02 сәуiр, 18:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23 (2235)
31.03.2026
PDF мұрағаты

Қазақстандықтарға бала паспортына қатысты негізгі талап түсіндірілді

02.04.2026

38 0

Фото: Zakon.kz

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі балаға паспорт рәсімдеу тәртібіне қатысты маңызды талаптарды түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, ел тұрғындарының бірі мамандардан баланың паспортын сенімхат арқылы рәсімдеуге бола ма және оның жарамдылық мерзімі қанша уақытқа берілетіні туралы сұраған.

Мемлекеттік корпорация өкілдерінің айтуынша, бұл қызметті сенімхат арқылы алу мүмкін емес.

«Балаға паспорт рәсімдеу кезінде ата-анасының бірінің баламен бірге келуі міндетті. Қызмет сенімхат арқылы көрсетілмейді. Құжатты рәсімдеу мерзімі 15 жұмыс күніне дейін созылады. 12 жасқа дейінгі балаларға паспорт 5 жыл мерзімге, ал 12-ден 16 жасқа дейінгі балаларға 10 жыл мерзімге беріледі», – деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының тұрғындарына ХҚКО-лардың жұмыс уақытының ұзартылғаны туралы ақпарат берілген болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: