Қазақстан Ресейдің 33 аймағынан шошқа өнімдерін әкелуге қойылған шектеулерді алып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Ресей Федерациясының ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау федералды қызметі мәлімдеді.
Шешім осы қызмет басшысы Сергей Данкверт пен Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин арасындағы келіссөздер нәтижесінде қабылданды. Бейнебайланыс арқылы келіссөздер жүргізілді.
«Біз Қазақстанның ветеринариялық қызметімен Ресейдің осы аурудан таза 26 аймағынан, сондай-ақ осыған қатысты елдің 42 өңірінен шошқаның африкалық обасына қойылған уақытша шектеулерді алып тастау мәселесі бойынша жұмысты жалғастырамыз. Ресейлік шошқа өнімдерін Қазақстан аумағы арқылы өткізуге тыйым салынды», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар Данкверт пен Бердалин екі елдің техникалық мамандары арасында ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін келіссөздер жүргізуге келісті. Ресейлік мамандар Қазақстанға консультативтік көмек көрсету үшін келеді.
Қазақстанда шошқаның африкалық обасына байланысты қыркүйек айының соңында Ресейден шошқа өнімдерінің импорты мен транзитіне шектеулер енгізілген.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!