Жұма, 29 қараша, 00:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанға шетелден әкелінген қандай көліктер 30 қыркүйектен кейін айыппұл тұрағына қамалады?

29.09.2021

2356 0

30 қыркүйекке дейін Еуразиялық одақ аумағынан шығарылып үлгермеген шетелдік көліктер айыппұл тұрағына қамалатын болды. Себебі көлік иелері тиісті талаптарды орындамаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап.

Мысалы үшін, қазір Қазақстанға бір жыл ішінде кіргізілген 5000-ға жуық көліктің 10 пайызы тіркелгемеген. Сондықтан ол машиналар кеден одағының аумағынан асып, елдеріне жөнелтілмек. 

Шет елдерден әкелінген көліктер биылғы жылдың 30 қыркүйегінен кешіктірілмей Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасынан шығарылуы тиіс. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше дәл қазір елімізде 500-ге жуық көлік иелері дәл осы шартты орындауы қажет. Болмаса, автокөліктер айыппұл тұрағына қойылады. 

Жалпы 2020 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан аумағына 4708 шетелдік көлік кіргізіліпті. Бірақ олардың басым бөлігі Еуразиялық одақ елдерінен жеткізілген.

«ЕАЭО құрамына кіретін Ресей, Армения, Қырғызстан және Белорусиядан келген көліктерге бұл норма қатысты емес. Қосымша шет ел азаматтарының осы автокөлік құралдарын алып кетуіне өз мүмкіндігі болмаса, онда тасымалдаушылардың көмегін қолдана алады», – дейді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева.

Бұған дейін комитет өкілдері пандемияға байланысты автокөліктерді елден шығару мерзімін екі рет ұзартқан еді. Осы себепті әрі қарай созуға негіз жоқ. Енді межелі мерзімге дейін көлігін алып кете алмаған шетелдіктерде екі мүмкіндік бар. Бірі тиісті айыппұлды төлеп, көлігін не өзі не тасымалдаушылар көмегімен алып кету. Ал екіншісі машинаны сату. 
Көлікті алып қалғысы келген азаматтар болса, кедендік тазартудан өткізіп, барлық тиісті салықтарын төлеп, атына аударып алады. Ол үшін қанша қаражат кететіні туралы кірістер комитетінің өңірлердегі департаменттерінен есептетіп алуға болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: