Жұма, 12 желтоқсан, 12:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салынды

12.12.2025

48 0

Фото: istockphoto.com

Қазақстан аумағына тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстанға үшінші мемлекеттерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен барлық көлік түрімен тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салынды. Шектеу бір ай мерзімге енгізілді. Тиісті бұйрыққа ауыл шаруашылығы министрі қол қойды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, шектеу отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілген. 

“Айта кету керек, тыйым Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан аумағы арқылы өтуіне қатысты қолданылмайды”, – делінген министрлік хабарламасында. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: