Қазақстанның төрт өңірі коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта тұр. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта.
Нұр-Сұлтан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары «Сары» аймақта.
Ал қалған барлық өңір «жасыл» аймақта.

Коронавирустың таралуы бойынша Қазақстан «қызыл» аймақтан шықты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!