Бейсенбі, 26 желтоқсан, 05:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанның бес өңіріне су тасқыны қаупі төніп тұр

25.03.2022

1475 0

Қазақстанда 150-ден астам елді мекенге тасқын қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қара су келген жағдайда тұрғындарды эвакуациялау үшін екі мыңнан аса пункт әзірленді.

ТЖМ департамент басшысы Рустамбек Амриннің айтуынша, 157 елді мекенді су басу қаупінің төнуіне наурыздың үшінші жартысында түскен жауын-шашын себеп болып отыр.

Қауіп тобына елдің бес өңірі – Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары еніп отыр.

Тасқын болған жағдайда тұрғындарды эвакуациялау үшін 2,5 мың пункт дайындалды.

«Қазіргі күні тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тасқын болған жағдайда қалай әрекет ету керек екені айтылды», – деді ол.

Оның айтуынша, елді мекендерге шынайы қауіп төнген жағдайда тұрғындар төтенше жағдайлар қызметінің ескертуі мен нұсқаулығы бойынша ғана әрекет етуге тиіс.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: