Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы айына 993 мың теңгені құрады. Мұндай төлемді еліміздегі зейнеткерлердің бірі алады, деп хабарлады БЖЗҚ-да, – деп хабарлайды kursiv.media
БЖЗҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов 2025 жылы зейнетақы қоры қазақстандықтарға 2 трлн теңге төлегенін хабарлады. Бұл ретте осы төлемдердің 1,2 трлн теңгесі зейнетақы емес, азаматтардың тұрғын үй мен емделуге арналған зейнетақы жинақтарынан мерзімінен бұрын алған қаражаты болған.
Құрманов бұл мақсаттарға алынған қаражат көлемі іс жүзінде қордың негізгі міндеті – азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етуден басым түсіп отырғанын атап өтті.
Шенеуніктің айтуынша, қазақстандықтарға зейнетақы төлемдерінің 95%-ы кесте бойынша жүзеге асырылады, яғни салымшылар жинақтаушы зейнетақы есебінен өздерінің тұрақты зейнетақы табысын алады.
«Біздегі ең төменгі төлем – 32 мың теңге, ал ең жоғарғы төлем шектелмеген. Ең жоғары сомаларды алатын салымшылар бар. Ең жоғарғы зейнетақы – 993 мың теңге. Бұл 2025 жылғы жинақтаушы зейнетақы. Ең төменгі төлемдерді алушылардың үлесі 21%-ға қысқарды», – деп хабарлады Жанат Құрманов.
БЖЗҚ төрағасының айтуынша, олардың 138 мың салымшысы зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан, яғни кепілдендірілген өмір бойғы зейнетақы алатын болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
