Жексенбі, 15 наурыз, 09:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19 (2231)
14.03.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев өз таңдауын жасады

15.03.2026

63 0

Фото: Жалағаш ауданы

Республикалық референдумға атсалысқан белсенділер қатарында Қазақстанның Еңбек Ері, сырбойылық белгілі меценат Имамзада Шағыртаев бар.


Имамзада Қуанышбайұлы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округіндегі №136 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады.


«Бұл референдумның маңызы зор. Елдің, өзіміз тұратын ауылдың болашағына тамшыдай болса да үлес қосамын деген әрбір адамда осындай түсінік қалыптасуы керек. Еліміз мұнан ары көркейіп, экономикасы дамып, әлеуметтің әлеуеті артады деп сенемін», – деген Имамзада Қуанышбайұлы ел болашағы үшін дауыс беру әр азаматтың борышы екенін атап өтті

.
Айта кетейік, Имамзада Шағыртаев Таң ауылының таңғажайып күйге енуіне, көркейіп-гүлденуіне маңдай терін төгіп жүрген азамат. Ел ісін елден бұрын ойлайтын ел ағасының игі бастамаларын, Таң ауылының дамуы жолындағы жұмыстарын, қайырымдылық шараларын аудан жұрты жақсы біледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: