Танымал әнші Ерке Есмахан гонорары жайлы жалған ақпарат таратқандарға өкпелі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
БАҚ-ның бірінде Ерке Есмаханның 3 миллион теңгеге тұсау кесетіні туралы ақпарат тарады. Ал әншінің өзі мұны жоққа шығарып, жалған ақпарат таратқандарға өкпесі қара қазандай екенін жеткізді.
“Неге кез келген жанжалдың басында мен тұрамын? Кімнен сұрап білдіңіздер? Әлде хайп қуған түрлеріңіз бе? Ұят қой тіпті. Заңға жүгінсем, бұл өтірік ақпаратты қалай дәлелдейсіздер? Өмірімде бір-ақ рет тұсау кесіппін, оның өзінде тегін. Алла көріп тұр. Қазақтың салтын ақшаға сатылады деп жариялап, адамдарды адастырып, мені комментке талатып мәз болып отырғандарыңыз адамшылыққа жатпайды. Оқырмандарым, мен шаршадым. Не істесем болады”, – деп жазды Ерке Есмахан.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!