Бейсенбі, 18 қыркүйек, 13:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№70, 2183
16.09.2025
PDF мұрағаты

«Қаздан қашқан балаға» жүз қаз сыйға берілді

18.09.2025

39 0

Әлеуметтік желілерде кеңінен тараған «қаздан қашқан бала» бейнежазбасындағы үш жасар Керей Махамбетұлы күтпеген сыйлыққа ие болды. «Ауыл» партиясының Ақтөбе қалалық филиалының өкілдері кішкентай кейіпкерге жүз қаз тарту етті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Интернетті дүр сілкіндірген видео бүгінде 200 миллионнан астам қаралым жинаған. Тіпті әйгілі америкалық рэпер Snoop Dogg та өз парақшасында жариялап, роликті миллиондаған оқырманына ұсынған.

Кішкентай Керей Ақтөбенің Күншуақ шағынауданында тұрады. Әкесі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Отбасы жылқы, пони және қаз ұстап, ауыл шаруашылығымен айналысады.

Ал желі қолданушылары бұл әрекетті әзілге айналдырған.

«Ол бала өзі қаздан қорқып жылап жүрсе, тағы қаз сыйлағаны несі?», «Неден қашсаң, соған тұтыласың», «Жүз жылқының алдына түсіп жүгірсем бе екен», – деп жазған көпшілік.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: