Aqmeshit-aptalygy.kz – Қазгидромет 19 ақпанға Қазақстанда дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер ел аумағында қатты аяз болып, жел соғады деп болжап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында -45°С-қа дейін өте қатты аяз болып, қар жауады. Жел 15-18 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында -35-39°С қатты аяз сақталады.
Қызылорда облысында екпіні 23 м/с болатын жел болады. Қызылордада жел 15-20 м/с күшейеді.
Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман болады. Таулы аймақтарда қар жауады. Жел 23-28 м/с күшейеді. Шымкентте түнде және таңертең тұман болады. Түркістанда жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Абай облысының орталығында, оңтүстік-батыста, шығыста бұрқасын болады. Жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында бұрқасын болады. Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Жел 23-28 м/с күшейеді. Таразда түнде және таңертең тұман түседі.
18 ақпан 21:00-ден 19 ақпан 21:00 дейін Өскемен, Риддер қалаларында қолайсыз ауа райына байланысты екінші дәрежелі ауа райының төмен деңгейі туралы ескерту сақталады.
Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрап үндеу жолдады.
«Ауа-райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар. Қатты жел кезінде жақын маңдағы ғимаратта немесе қауіпсіз жерде жасырыну қажет. Ағаштардан, ілулі тұрған конструкциялардан, электр желілерінен және билбордтардан аулақ болыңыздар. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Қатты аяз техногендік өрттердің көбеюіне ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты біз жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға немесе электр желілерін шамадан тыс жүктемеуге кеңес береміз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!