Бейсенбі, 31 шiлде, 12:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 56, 2169
29.07.2025
PDF мұрағаты

ҚАЖ департаментінің №60 мекеме кітапханасы 400 кітаппен толықты

30.07.2025

107 0

Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері ҚАЖД-нің №60 мекемесіне 160 дана қазақ тілінде, 240 дана орыс тілінде жазылған кітаптарды табыстады.


Мекемеде  900-ден астам жазасын өтеушіні кітаппен қамтып отырған кітапхана жұмыс жасайды. Дегенмен, осыған дейін қазақ тіліндегі әдеби шығармалар жиынтығы тапшы болатын. Жақында осы олқылықтың орны толтырылды. Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері оқырмандар сұранысына сай мекеме кітапханасына 400-ге жуық түрлі ақын-жазушылардың шығармаларын тарту етті.

– Жазасын өтеушілер мекемеде қалаған мамандығы бойынша білім алады. Сәйкесінше білімдерін тереңдету мақсатында бірнеше әдебиетке сүйенеді. Өз қалаулары бойынша да түрлі ақын-жазушылардың шығармашылығын оқиды. Мысалы, жақында сотталғандардың бірі ағылшын тіліндегі кітаптар сұрады. Мекеме мен облыстық кітапхана қызметкерлерінің біріккен жұмысы нәтижесінде жазасын өтеушілердің сұранысына ие кітаптар мекеме кітапханасының сөрелерінен табылды. Жаза басып жаңылса да, кітапқа құштар оқырманның бары көңіл қуантады, – дейді №60 мекемесінің сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлім бастығы әділет подполковнигі Уайдаев Абдолла.


Шара соңында мекеме қызметкерлері кітапхана ұжымына алғысын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: