Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 00:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖ департаментінің ұжымы сәбилер үйіне барды

04.04.2022

1030 0

 Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұжымы облыстық мамандандырылған сәбилер үйіне барып, қайырымдылық жасады. 

 «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген  дана халқымыз. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Келер күннің айнасы. Оларды қуанышқа бөлеу- біздің парызымыз. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ұжымы дәстүрлі түрде мереке сайын  балаларға қуаныш сыйлаймыз. Бүгін де сәбилерімізге ең қажетті ойыншықтар тарту еттік»,-деді департамент бастығы Ш.Есенкелдиев. 

Бүгінде сәбилер үйінде жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ақыл-ойының дамуында ақаулықтар кездесетін 1-4 жас аралығындағы  50-ге  жуық балалар тәрбиеленуде. Облыстық мамандандырылған сәбилер үйінің қызметкерлері департамент бастығы Шаймерден Тәжіқұлұлына және ұжым қызметкерлеріне  сый-сияпаттары үшін алғысын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: