Дүйсенбі, 04 тамыз, 17:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№57,2170
02.08.2025
PDF мұрағаты

ҚАЖД №60 мекемесінің психолог мамандары жазасын өтеуші азаматтар арасында тимбилдинг өткізді

04.08.2025

28 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесінің психолог мамандары жазасын өтеуші азаматтар арасында тимбилдинг жаттығуларын өткізді.
Тимбилдинг — ұйымшыл ұжым қалыптастыруға, команданың әрбір мүшесі өз орнын табуға және қабілетті барынша дамытуға жағдай жасайтын қазіргі заманғы тәсілдердің бір түрі. Тимбилдингтің барлық түрі еркін бейресми қарым – қатынас жасауды, командада жұмыс істеуді үйретеді және корпоративтік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді. Мақсаты: Жазасын өтеушілер арасында өзара қарым – қатынасын қалыптастыру, ұжымдық топтық қабілетін анықтау, бір – бірін сыйлай білуге баулу, ұжымда жұмыс істей білуге шақыру, жеке ерекшеліктерін анықтау. Қорытындылау барысында жазасын өтеуші азаматтар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Кері байланыс орнатылып, шеринг әдісі қолданылды.


Наргиза Рамазанова,
Қызылорда облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: