Бейсенбі, 05 маусым, 11:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 -2154
03.06.2025
PDF мұрағаты

«Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры тағайындалды

03.06.2025

174 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге орай мәжіліс өтті. Онда «Қазпошта» акционерлік қоғамы төрағасының бұйрығымен Қызылорда облыстық филиалы директоры қызметіне тағайындалған Ізтілеуова Айзат Өмірзаққызы таныстырылды.
Осыған дейін «Қазпошта» акционерлік қоғамы Қызылорда облыстық филиалының директоры лауазымын атқарып келген Кенжебаев Ғалымжан Арыстанбекұлы Ұлытау облыстық филиалының директоры қызметіне ауысты.
Облыс әкімі жаңа басшының қызметіне сәттілік тілеп, халыққа қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыруды, аудандар мен ауылдарда пошталық, қаржылық және логистикалық қызметтерді тиімді іске асыруды тапсырды.
Ізтілеуова Айзат Өмірзаққызы 1972 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясында «Экономист» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 1995 жылы жылу-электр орталығында бухгалтер ретінде бастаған.
Әр жылдары жеке серіктестіктерде, «Қазпошта», «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамдарында жауапты қызметтер атқарған. 2018 жылдан осы күнге дейін «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары қызметінде болған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: