Жексенбі, 22 желтоқсан, 17:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«ҚазТрансГаз Аймақ» қызылордалықтарға 1,5 миллиард теңге қарыз

01.07.2021

1618 0

«ҚазТрансГаз Аймақ» Қызылорда филиалы тарифтік смета шығындарының бабын бұзғаны және бекітілген тарифті қолданбағаны үшін тұтынушыларға 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты қайтаруға міндеттелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2020 жылға арналған тарифтік сметаның орындалуын талдау аясында «ҚазТрансГаз Аймақ» Қызылорда өндірістік филиалының тарифтік смета шығындарының бабын орындамау және бекітілген тарифті қолданбау фактілерін анықтады.

Нәтижесінде «ҚазТрансГаз Аймақ» тұтынушыларға 1 548 508 389 теңге сомасындағы залалды мың текше метр үшін 3320,45 теңге мөлшерінде тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау қызметтеріне 1 жылға уақытша өтемдік тариф енгізу жолымен қайтарады. Сондай-ақ ол ҚҚС-сыз (Қосылған құнға салынатын салықсыз) жүргізілетін болады», – деп хабарлады министрлік.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: