Жұма, 29 қараша, 05:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

QazVac сыналуы тиіс болған маймылдар Отарға барар жолда қашып кетті

26.05.2021

1719 0

Қазақстандық вакцина сыналуы тиіс болған маймылдар Отарға барар жолда қашып кетті. Оқиға былтыр күзде болған. Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерінің бірі Tengrinews.kz тілшісіне жануарлар тасымалдау кезінде көліктен шығып, қашып кеткенін айтты.

QazVac сыналуы тиіс болған маймылдар Отарға барар жолда қашып кетті

«Оқиға былтыр күзде болған. Біздің жеткізушілер оларды Алматыдан алып келе жатқан. Түнде жолда көлік бұзылып, дөңгелегі жарылып қалды. Дөңгелек ауыстырып жатқанда, олар қалай екені белгісіз тордан шығып кетіпті. Олар ақылды емес пе … Екі күн бойы даладан іздедік, бірақ таба алмадық», – деді институт қызметкері.

Ол жануарлардың нақты қай жерде қашқанын айта алмады. Алматы немесе Жамбыл облыстарында болуы керек. Жалпы, осы рейспен институтқа 5-6 маймыл жеткізілуі тиіс еді.

QazVac сыналуы тиіс болған маймылдар Отарға барар жолда қашып кетті

QazVac сонда да Сочиден әкелінген басқа маймылдарға сыналды. 

«Үлкен макакалардың алғашқылары осында Сочидегі приматология ҒЗИ-дан әкелінді. Оларды жеткізу үшін арнайы операция жасалды, өйткені сол кезде барлық шекара жабық еді, бізге вакцинаны тексеру керек болды. Бірнеше министрлік пен қызмет тартылды. Маймылдар өз институтынан Сочиге дейін бір күн, содан кейін бізге қарай екі күн жүрді. Бәрі шаршап келді. Сосын бір күн ұйықтады. Содан кейін жігітімізді оларды тамақтандыруға жібердік. Олар жемей қойды. Кейін тамақ беруге бір қызды жібердік. Шамасы, оларды сол жерде қыздар тамақтандырған, әйел адамдарға үйреніп қалған», – деді Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының қызметкері.

Бұл жануарларды резус макакалары деп атайды. Ғалымдар оларға қазақстандық вакцинаны қолданғаннан кейін иммунитеттің ұзақтығын тексерді. Зерттеушілердің айтуынша, алғашқы екпе алған маймылдардың иммунитеті 9 айдан аса уақытқа сақталып тұр. Олар зерттеу нәтижесінде ешқайсы зардап шеккен жоқ деп сендірді.

QazVac сыналуы тиіс болған маймылдар Отарға барар жолда қашып кетті

Сынақтарға макакадан басқа күзендер мен сириялық алақоржындар қатысады. Оларға дайын вакцинаның иммуногенділігі, яғни тиімділігі тексеріледі. Ал теңіз шошқалары мен ақ тышқандарда отандық вакцинаның қауіпсіздігі тексеріледі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта QazVac-тың үш мың ерікті қатысып жатқан клиникалық зерттеулерінің үшінші кезеңі өтіп жатыр. Зерттеудің үшінші кезеңі маусымның соңында аяқталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: