Сейсенбі, 30 қыркүйек, 20:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Қазыналы қарттар шаһар нысандарын аралады

30.09.2025

46 0

Қазыналы қарттарымыздың мерейлі күні қарсаңында ардагерлерьжаңадан бой көтерген заманауи стадионды алғашқылардың бірі болып тамашалады. Бұл спорт кешені 11 мың көрерменге арналған. Ардагерлер нысанның құрылысымен және ондағы мүмкіндіктерімен танысты. Жаңа стадион халықаралық талаптарға сай салынған. Мұнда футбол матчтарын өткізумен қатар, түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға да жағдай жасалған. Қазыналы қарттар жаңа стадионның құрылысына оң бағасын берді.

Қазыналы қарттар шаһар нысандарын аралады
Қазыналы қарттар шаһар нысандарын аралады
Қазыналы қарттар шаһар нысандарын аралады

Ардагерлердің келесі бағыты – физика-математика бағытындағы мектеп-интернаты. Қазыналы қариялар жаңа білім ордасының құрылымымен, оқу сыныптарымен және зертханаларымен танысты. Бұл мектептің аймақ үшін маңызы зор, өйткені мұнда ғылымға бейім жасөспірімдер тереңдетілген білім алып, болашақта елдің ғылыми-техникалық дамуына үлес қосатын мамандар ретінде қалыптасады. Аға буын өкілдері жаңа мектеп-интернаттың заманауи талаптарға сай жабдықталғанын атап өтіп, оқушыларға сапалы білім мен тәлім берілетініне сенім білдірді.

Қазыналы қарттар шаһар нысандарын аралады
Қазыналы қарттар шаһар нысандарын аралады
Қазыналы қарттар шаһар нысандарын аралады

Жақында ғана аймақтың сол жағалауынан заманауи үлгіде салынған “Syr-Darya” коммуналдық базары ашылған болатын. Халықаралық қарттар күніне орай ардагерлер осы жаңа нысанмен танысты. Заманауи талаптарға сай салынған базарда сауда-саттық үшін қолайлы жағдай жасалған. Мұнда тұрғындар күнделікті тұтынатын тауарларды тиімді бағамен сатып ала алады. Ардагерлер базардың кең де жарық павильондарын аралап көріп, жергілікті халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жоғары бағалады.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: