Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының өкілдері партияның «Кітап-AMANAT» жобасы аясында 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай, №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қызмет алушы қазыналы қарттарға кітап сыйлады.
Алдымен орталыққа келушілерге жасалған жағдаймен танысып, мұнан соң ардагерлер қауымымен кездесіп пікірлесті.
Партияның Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов қазыналы қариялармен кездесуде ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра – кітап екендігін, өткеннің рухы, келешектің кілті, мәдениеттің биік шыңы да осы кітапта жатқандығын атап өтіп, сыйлаған әрбір кітап өз оқырманын табатынына сенім білдірді. Сонымен қатар, өңірімізде мәдениет пен руханиятты қолдау бағытында партия мен жергілікті әкімдік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат беріп, олардың ұсыныс – пікірлерін тыңдады.
Өз кезегінде ардагерлер қауымы үлкеннің жағдайын білісіп, құрмет пен сыйластықтың белгісі ретінде сыйлыққа кітап ұсынып жатқан партия өкілдеріне ақ батасын беріп, орталық кітапханасының қорына сыйға тартқан кітаптар үшін шексіз алғыс білдірді.
Кітап оқу, кітап сыйлау үрдісі тарихқа өңілсек біздің халқымызда ежелден бар. Түркі халқынан шыққан әйгілі ойшыл дана Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» атты даналық кітабын 1070 жылы Қарахандар әулетінің негізін қалаушы Сүлеймен Арсылан ханға тарту еткені тарихтан белгілі. Сондықтан кітап оқу мен кітап сыйлау адамзат қоғамымен бірге жалғасын таба берері сөзсіз.
![Қазыналы қарттарға кітаптар сыйға берілді](https://aqmeshit-aptalygy.kz/wp-content/uploads/2025/02/13-6.webp)
Барша оқырмандарды, кейінгі толқын жастарды кітап оқуға, сол арқылы білімдерін жетілдіруге шақырамыз!
Ақпарат үшін: Орталық денсаулығының жай-күйі бойынша басқа адамның тұрақты күтіміне және медициналық көмекке мұқтаж зейнеткерлер мен I, II топ мүгедектігі бар адамдардың тұрақты тұруына арналған коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылады. Бүгінгі күні мұнда стационарлық және жартылай стационарлық жағдайда 255 азаматқа қызмет көрсетілуде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!