Бейсенбі, 21 қараша, 15:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Сыр өңіріне келді

17.09.2021

1133 0

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Қызылорда облысына іс сапармен келді. Ол Достық үйінде облыстық ассамблея құрылымы және этномәдени бірлестік жетекшілерімен жүздесті. Достық үйінің мұражайын, тарихи суреттер көрмесін көріп, этномәдени бірлестіктердің жұмыс кабинеттерін аралады.

Кездесуге облыс әкімінің орынбасары, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Серік Ахмет, облыстық ассамблея құрылымы және 11 этномәдени бірлестік жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.

Серік Ахмет өңірдегі татулық пен тұрақтылықтың басты кепіліне айналған облыстық ассамблея қызметінің негізгі бағыттарына тоқталып өтті.

Кездесудің алғы сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жүзеге асыруға Қазақстан халқы Ассамблеясының қатысу мәселелері, сондай-ақ қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының қызметін жетілдіру мәселелерін қозғады.

Өңірдегі этносаралық қатынастардың үйлесімді дамуы аясында облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары Ирина Шек айтып өтті. Ассамблея қызметін ғылыми сүйемелдеу, аймақтағы этносаралық және конфессияаралық үдерістер мен этносаяси жағдайларды зерттеу бағыты туралы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, ғылыми-сарапшылық топ жетекшісі Айтжан Оразбақов сөз қозғады. Келесі сөз тізгінін ұлт пен ұлыстың ынтымағы, береке-бірлігін нығайтуға өзіндік үлесін қосып, тұңғыш рет облыстық ассамблея мүшелері ішінен облыстық деңгейдегі мәслихат депутаты болып сайланған Дильфура Байрахтарова алды. Аймақтағы Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова отбасы құндылығы мен ұлттық рухты насихаттау бағытында атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталып өтті.

Сондай-ақ, «Абай қазынасына саяхат» клубының жетекшісі Елена Пак пен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі Алина Новикова өздерінің креативті ойларымен, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Кездесу соңында өңірдегі бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуда қосқан сүбелі үлестері үшін бірқатар азаматтар Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың Алғыс хатымен марапатталды.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: