Бейсенбі, 05 ақпан, 12:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9 (2221)
03.02.2026
PDF мұрағаты

ҚМДБ қажылыққа баратындар үшін Qajy Guide қосымшасын іске қосты

05.02.2026

62 0

фото: muftyatkz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) қажылық сапарына аттанатын азаматтарға арналған Qajy Guide («Қажы гид») атты жаңа цифрлық қосымшаны іске қосты, – деп хабарлайды  kursiv.media

Qajy Guide – ҚМДБ-ның ресми жобасы әрі қажылық пен ұмра сапарына баратын жандарға арналған тегін цифрлық көмекші платформа. Қосымша қажыларға сапар барысында қажетті ақпаратты бір жерден алуға мүмкіндік береді.

Платформада қажылық пен ұмра ғибадатын орындау тәртібі толық түсіндіріліп, пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін бірнеше пайдалы бөлім енгізілген. Атап айтқанда, қосымшада қасиетті орындарға арналған виртуалды турғибадат жасау жолдары, діни әдебиеттер, сұрақ-жауап бөлімі, діни терминдер сөздігі, карталар және ресми туроператорлар тізімі қолжетімді.

Еске сала кетейік, 2026 жылы Саудр Арабиясы Қазақстан үшін 4 мың қажылық квотасын бөлген еді. Биылғы қажылық сапары мамыр айына түсіп отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: