Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қоғам өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті

10.11.2022

853 0

Қызылордада облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі және Іскер әйелдер қауымдастығы, Әйелдер күштер Альянсының ұйымдастыруымен «Мен елімнің ертеңіне сенемін!» атты кездесу өтті. Кездесуге аналар, әкелер кеңестерінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, қалалық, облыстық мәслихат депутаттары, кәсіпкер әйелдер және БАҚ өкілдері қатысты. ZOOM бағдарламасы арқылы аудандық Аналар кеңестерінің төрайымдары қосылды.

Шара модераторы Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова болды.

-Қазіргі таңда қазақстандық қоғам үлкен таңдаудың алдында тұр. Әр азаматта – мен не үшін дауыс беремін? – деген сұрақ туындайды. Әйел-аналарды да бұл сұрақ алаңдатады. Кез-келген ананың түпкілікті арманы, тілегі – елдің тыныштығы, отбасының бірлігі, балаларының аман-саулығы,-деп атап өтті.

 Келелі кездесудің алғы сөзі Қоғалыкөл ауылдық округінің әйелдер кеңесінің төрайымы Рахима Досжановаға берілді.

-Биыл елімізде бастау алған ең ауқымды саяси өзгеріс – «Жаңа әрі әділетті Қазақстан» бастамасы. Осы ұранмен еліміздің барлық саласында оң өзгерістер орын алып келеді. Әділеттілік, ашықтық бар. Ата Заңымызда айтылған «Биліктің бастауы – халық» деген қағида шынайы орнай бастағандай. Елімізде референдум өтті. Президенттің өкілеттіктері қысқарып, халықтың билікке араласуы заңмен реттелді. Жерасты байлығымыздан түскен үлес әрбір жаңа туған қазақстандықтың жеке шотына түсетін болды. Түптеп келгенде, әлеуметтік қолдаулар артатыны көңіл қуантты,-деді.

Ж. Нұрманов атындағы №198 орта мектебінің Әкелер кеңесінің төрағасы Борис Угайдың  биылғы басты жаңалық – Президент сайлауы екендігін алға тартты.

– Енді Президент 7 жылға бір рет қана сайлана алады. 20 қараша бүкіл қазақстандықтар өз таңдауын жасайды. Жеті үміткерге дауыс береді. Сайлауға қатысу – болашағынды таңдау. Саяси науқанда белсенділік таныту – еліннің ертеңі үшін бейжай қарамау, шын патриот ретінде үн қату деп білемін, -деді.

Кездесуде жас отбасы мүшелері Жомарт Абдуали мен Сандуғаш Сүйінбай «Жаңару – әуелі әр адамның жеке басынан басталады. Солай ғана күллі қоғам өзгереді. Демек, Қазақстанның жаңаруына әр азамат жауапты. Сондықтан біз қоғамдағы әрбір саяси науқаннан, қоғамдық бастамадан тысқары қалмауымыз керек», – деген пікірлерін ортаға салды.

  Ал қалалық мәслихат депутаты Айгүл Мұсабаева сайлауда әрбір азамат өз шешімінің, өз дауысының маңыздылығын түсінсе бұл науқанның да маңызы арта түспек деді. Сайлауға қатысу арқылы президентті ғана таңдап қоймаймыз, бұл біздің келісті келешегімізге жасаған нақты қадамымыз болып есептеледі. Сондықтан саяси маңызы зор шараға қатысып, лайықты таңдау жасау әрбір азаматымыздың құқығы әрі парызы деп атап өтті.

Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің хатшысы Светлана Крюгер бұл маңызды науқанға қатысу – әр адамның парызы. Еліміздің жарқын болашағы үшін дұрыс таңдау жасауымыз керек. Осы ретте халықтың мүддесі үшін барлық қажетті өзгерістерді жүзеге асыруды өзімізден бастаған жөн деп білемін. Мен Президент сайлауында өз таңдауымды жасап, дауыс беремін. Баршаңызды сайлауға белсенді дауыс беруге шақырамын. Ел тізгіні халықтың үмітін ақтайтын тұлғаға бұйыртсын,-деген тілегін білдірді.

Қоғам өкілдерінің қатысуымен өткен шара өзара пікір алмасуға жалғасты. Кездесуді қаладағы  №101 орта мектептің оқушыларынан құралған вокалдық тобы «Атамекен» әнімен тәмамдады.

«ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: