Сәрсенбі, 16 сәуiр, 07:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27, 2140
15.04.2025
PDF мұрағаты

Қоғамды шулатқан курьер мен тұтынушы татуласқандарын айтып, қазақстандықтарға үндеу жолдады

10.04.2025

367 0

Фото: видеодан скрин

Magnum желісіндегі даудан кейін курьер мен тұтынушы халыққа видео үндеу жолдады. Курьер жұмысқа қайта кіріскенін айтып, тұтынушымен татуласқанын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

оғамда резонанс тудырған курьер мен тұтынушы бәрі шешілгенін айтып, халықтан мәселеге нүкте қоюды сұрады. 

«Кейінгі күндері әлеуметтік желіде маған және магнумға қатысты әңгімелер болып жатыр. Сол туралы айта кетсем деймін. Баршаңызға қолдау көрсеткендеріңізге алғыс білдіремін. Өмір болған соң түсініспеушіліктер болып тұрады. Елімізге тыныштық пен татулық керек. Біз кездесіп татуластық. Қазір Magnum-да жұмысымды жалғастырып жатырмын. Бәрі жақсы, жұмыс берушіге ешқандай шағымым жоқ. Осымен мәселеге нүкте қойып тоқтатсақ деймін. Бәріміз бір қазақпыз» – деді жеткізу қызметкері.

Ал тұтынушы қателерін түсінгенін, арада ешқандай өкпе-реніш жоқ екенін айтып, қол алысты.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандықтар қазақ тілінде сөйлеуді талап еткен курьерді жұмыстан шығаруға қарсылықтарын білдіріп, Magnum-ға бойкот жариялаған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: