Бүгін мен Сіздерге қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу тәртібі туралы қысқаша айтып өтпекпін.
Қоғамдық бірлестіктер – бұл азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ әлеуметтік, мәдени, қайырымдылық және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға жету үшін ерікті түрде құрылған ұйым.
«Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қоғамдық бірлестік кемінде үш Қазақстан азаматының бастамасымен құрылуы мүмкін.
Құрылтай жиналысында жарғы қабылдап, басқару органдары сайланады және мекенжайы айқындалады. Осыдан кейін құрылтайшылар қажетті құжаттарды дайындап, мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына өтініш береді.
Қоғамдық бірлестіктердің екі түрі бар: Республикалық және жергілікті.
Республикалық қоғамдық бірлестіктердің қызметі бүкіл ел аумағын қамтиды, сондықтан олар Қазақстан Республикасының Әділет министрігінде тіркеледі.
Жергілікті қоғамдық бірлестіктерді қызметі бір облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана шегінде жүзеге асырылады және олар аумақтық әділет департаменттерінде тіркеледі.
Мемлекеттік тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар толық ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күніне дейін.
Тіркеуден өткеннен кейін қоғамдық бірлестік заңды тұлға мәртебесіне ие болып, ресми түрде өз қызметін жүзеге асыра алады.
Қоғамдық бірлестіктердің құрылуы – азаматтық қоғамды нығайтудың және азаматтардың белсенділігін арттырудың маңызды тетігі.
Әділет органдары өз тарапынан тіркеу рәсімдерінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етеді.
И.Нурбаева,
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
