Сәрсенбі, 31 желтоқсан, 22:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100, (2212)
31.12.2025
PDF мұрағаты

Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады

31.12.2025

45 0

Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Достық үйінде жыл қорытындысына арналған салтанатты шара өтті. Жиынға басқарма мен оған қарасты орталықтардың қызметкерлері қатысып, атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы міндеттер айқындалды.
Салтанатты кеште басқарма басшысы Руслан Каюпов ұжымды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жыл бойғы жұмыстардың негізгі бағыты ел бірлігін нығайтуға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға және қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді байланысты күшейтуге бағытталғанын атап өтті.
Іс-шара барысында қоғамдық келісімді нығайтуға, мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруға және салада жоғары нәтижеге қол жеткізген бірқатар қызметкерлер марапатталды. Атап айтқанда, Өңірлік коммуникациялар қызметі директорының орынбасары Нұрлан Тәшімов облыс әкімінің Алғыс хатымен, Өңірлік коммуникациялар қызметінің маманы Дәулетхан Өмірбеков облыс әкімінің орынбасары М. Шермағанбеттің Алғыс хатымен марапатталды. Ал Өңірлік коммуникациялар қызметінің мамандары Жәния Төребекова, Динар Рахман және Нұрбек Рахымбаев басқарма басшысының Алғыс хаттарына ие болды.
Сонымен қатар, басқармаға қарасты орталықтар дайындаған шығармашылық қойылымдар ұсынылып, мерекелік кеш қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: