Сенбі, 21 желтоқсан, 16:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қоғамдық даму басқармасына жаңа басшы келді

20.01.2023

674 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысы өтті. Жиында Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы таныстырылды.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімдері бойынша облыс әкімінің өкіміне сәйкес, меритократия қағидатымен Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымына Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы тағайындалды.
Жиында облыс әкімі жаңа басқарма басшысын құттықтап, оған алдағы уақытта атқарылуы тиіс маңызды міндеттерді тапсырды.
«Алмасбек Әбілқасымұлы тәжірибе толыстырған, қызмет баспалдағынан сатылап өскен білікті кадр ретінде аймақтың қоғамдық-саяси ахуалымен жақсы таныс. Мемлекетіміздің алдында тұрған саяси модернизацияны жүзеге асыру мен қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуде қоғамдық даму басқармасының орны ерекше.
Бүгінде жаңа реформаларды жүзеге асыруды бастаған елімізде ішкі саяси тұрақтылық ерекше маңызға ие болмақ.
Осыны ескере отырып, басқарма мен оның жаңа басшысының алдына жаңа міндеттер қойылады.
Бірінші. Өңірде азаматтық қоғамның дамуына жағдай жасау және мемлекетпен өзара сенімгерлік қатынастарды дамыту.
Екінші. Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру.
Үшінші. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру,
НИТ (NEET) санатындағы жастармен жұмысты күшейту.
Төртінші. Қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту жөнінде кешенді шаралар қабылдау.
Бесінші. Мемлекеттiк тiлдi дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар кешенiн жүзеге асыру.
Аталған мәселелердің жүйелі жүзеге асуы үшін билік пен халық арасында тығыз диалог орнатудың маңыздылығы күн санап артуда.
Осы ретте, басқармаға, Сізге жауапкершілік жүгі арта түсетіні анық. Себебі халық пен билік арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етуде, қоғамдағы өзекті мәселелерді оңтайлы шешуде алдыңғы қатардан көрінулеріңіз қажет», – деді облыс әкімі.
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев сөз алып, Алмасбек Әбілқасымұлын жаңа қызметімен құттықтады.
Алмасбек Есмаханов 1982 жылы туған.
Қызылорда гуманитарлық университетін «Қаржы және несие», Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «Заңтану» мамандықтары бойынша бітірген. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Саясаттану» магистрі.
Еңбек жолын 2006 жылы Қызылорда қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің маманы ретінде бастаған.
2006-2012 жылдары жергілікті атқарушы органдарда түрлі деңгейде жауапты қызметтерде болған.
2012-2014 жылдары Қызылорда қаласы Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі.
2014-2015 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру – инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы.
2015-2018 және 2020-2022 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, әлеуметтік мәселелер саласына жетекшілік жасады.
2018-2020 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, ішкі саясат бөлімдерінің басшысы қызметтерін атқарған.
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: