Қызылордада Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов өңірдегі партия филиалдарының төрағалары және жоғарғы, орта арнаулы оқу орындарының өкілдерімен кездесті. Кездесуде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағытында меморандумға қол қойылды.
Аталған кездесу ҚХА-ның XXXII сессиясында берілген Ассамблеяның Саяси партиялармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын күшейту туралы Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында өтті.
Іс-шараға «Қазақстан Халық партиясы», «Ауыл» ХДПП, «Ақ жол» ҚДП, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы», «Respublika», «Baytaq» партияларының Қызылорда облысындағы филиал төрағалары мен орынбасарлары, жоғарғы, орта арнаулы оқу орындарының өкілдері және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында Бақытжан Жарылқасынұлы партия өкілдерін облыстық ассамблеяның ағымдағы қызметі және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Сондай-ақ, ол өз сөзінде «Саяси күштермен тығыз өзара іс-қимыл жасау азаматтардың шешім қабылдау процесіне және азаматтық қатысу қағидатына тартылуы негізінде азаматтық бірегейлікті нығайту үшін Ассамблеяның қоғамдық рөлін және этносаралық коммуникациялардың кең алаңдарын кеңейту жөніндегі міндетке сәйкес келетінін” айтып өтті.
Сондай-ақ, тараптар қазақстандық қоғамда жалпыұлттық бірлік, қоғамдық келісім және үйлесімді этносаралық қатынастар құндылықтарын ілгерілетуге, жастарды адал еңбекке баулуға бағытталған бірлескен қоғамдық, мәдени-бұқаралық, ағартушылық, ғылыми-практикалық іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл орнату мәселесін талқылады.
Өз кезегінде, “Ауыл” партиясының өңірдегі филиалының төрағасы Серікбай Өмірзақов, «Қазақстан Халық партиясы» Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ақмарал Олжабаева жарқын болашаққа жетудің бірегей жолы – халқымыздың бірлігі мен келісімін нығайту екенін атап өтті.
Барлық партия төрағалары бірлігі мен еліміздің тұтастығын нығайта түсу жолында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлесе жұмыс жасауға дайын екендерін алға тартты.
Кездесу соңында «Қоғамдық келісім» мекемесі облыстық саяси партия филиалдары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
«ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!