Бейсенбі, 26 желтоқсан, 15:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қоғамдық кеңес мүшелері тұрғындармен кездесті

20.05.2021

2276 0

13-18 мамыр аралығында Қызылорда қаласы мен Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы, Арал, Шиелі, Жаңақорған  аудандарының мәжіліс залында «Облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің жергілікті жердегі өзекті мәселелері» атты көшпелі кездесу өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып, қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» жобасы аясында жүзеге асқан шараны «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры ұйымдастырды.  Облыс орталығында кездесу модераторлары Айткүл Шалғынбаева, Нұрлан Нұрмаханов болса,  Шиелі, Жаңақорған аудандарында Ерлан Өмірсеріков, Қаршыға Есімсейітова өткізді. Жергілікті тұрғындар, ҮЕҰ-дар мен  белсенді жастар қатысқан кездесуде аудан тұрғындарының толғандырған мәселелер талқыланды.

Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі, жастар мәселесі, отбасы тағылымы тақырыбында ой қозғалды. Облыстық қоғамдық кеңес мүшелері көшпелі кездесуде айтылған мәселелерді облыстық қоғамдық кеңес отырысында көтеруге келісті. Сондай-ақ, облыстық қоғамды кеңес мүшелері қала және аудан тұрғындарына аталған мәселелерді назарға алып, шешімі бойынша жұмыс жасауға уәде берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: