Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 23:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

28.05.2021

1236 0

«Жұмыспен қамту, халықтың әлеуметтік осал топтары мәселелері жөніндегі» аймақтық қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өткізілді.

Жұмыспен қамту, халықтың әлеуметтік осал топтары мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес партия жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасындағы «Барлық балаға тең мүмкіндіктер», «Аға ұрпаққа қамқорлық», «Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау», «Тұрақты жұмыс орындары» бағыттары бойынша тиімді іске асыруға жәрдемдесу мақсатында құрылды.

Отырыстың күн тәртібінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға баспана беру бойынша арнайы бағдарламалар және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Аталған мәселелер бойынша «Отбасы банкі» Қызылорда облыстық филиалының директоры Сәулебаев Әділжан Рахымжанұлы аймақта жүргізіліп жатқан жұмыстар барысымен және әлеуметтік осал топтарға бағытталған бағдарламалар жайлы түсіндіріп өтті.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы осы күнге  несие алған салымшылар, келесі санаттарға жатады:

Көп балалы отбасы -150, толық емес отбасы – 144, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші отбасы – 31. Бұл ақпаратты Сәулебаев Әділжан баяндамасында атап өтті.

Отырыс барысында кеңес мүшелері жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын бақылау, жобамен қамтылатын елді мекендерде кеңінен ақпарттандыру жұмыстарын жүргізуді және онлайн режимінде қызмет көрсетуге көңіл бөлуді ұсынды. Кеңес отырысына облыстық, қалалық және барлық 7 аудандық кеңестер төрағалары мен мүшелері офлайн/онлайн режимінде қатысып, ұсыныстарын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: