Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қоғамдық кеңес: қаңғыған ит қайтсе азаяды?

03.12.2022

722 0

Қызылорда қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаевтың төрағалығымен қалалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа қала әкімінің орынбасары Ғ.Еркебай, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары М.Бибитова, қалалық ветеринариялық станциясы директоры Н.Төлегенов, қалалық дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Қоғамдық кеңес отырысында бірне¬ше мәселе қаралды. Біріншіден, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2022 жылдың үшінші тоқсанында атқарылған жұмыс барысы талқыланды. «Қызылорда қаласы бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы», «Қызылорда қаласы бойынша 2023 жылға жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы», «Қызылорда қаласында мүгедектер қата¬рындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 107-16/10 шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Сондай-ақ «2023-2025 жылдарға ар¬¬налған қалалық бюджет туралы», «Қызылорда қаласында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» мәселесі де ортаға салынды.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан тиісті ұсыныстар берілді. Сонымен қатар күн тәртібінен тыс бүгінгі күні өзекті болып отырған қаңғыбас иттердің қала көшелерінде қап¬тап жүргені туралы мәселесі көтерілді.
Қызылорда қаласы бойынша қа¬зіргі таңда ит-мысықтарды аулау жұмыс¬тары заң талаптарына сәйкес ұйым¬дастырылуда. Қалалық ветерина¬рия¬лық станция директоры Н.Төлегенов көшеде топтасып жүрген қаңғыбас ит¬тер мен мысықтарды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Бұл жұ¬мыстар күнделікті жауапты мамандар бақылауында. Кеңес тарапынан қала¬лық ветеринариялық станциясына қоғам та¬рапынан қаңғыбас иттер мен мысық¬тарды аулау жұмыстары бойынша қоғам наразылығын тудыруына және адам өміріне қауіп төнуіне байланысты пәр¬менді шаралар қабылдау ұсынылды.


А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: