Бейсенбі, 28 қараша, 16:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

«Қоғамдық кеңестің» рөлі қандай?

03.06.2021

807 0

Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Үкіметтік емес ұйым мен қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Достық» үйінің мәжіліс залында көшпелі оқыту семинары болып өтті.

«Қоғамдық кеңес мүшелерінің қоғамдағы қызметі мен рөлін және тиімділігін арттыру» тақырыбында өткізілген шараға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, «Nur Otan» партиясы қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов қатысып, тақырып төңірегінде тұщымды ойларын ортаға салды.

Жиында семинар тренері Нұрхан Жәлиев қоғамдық бақылау саласындағы мақсаттары мен міндеттеріне тоқталды. Сонымен қатар қоғамдық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу, қоғамдық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, жұмыс нәтижелері туралы есептерді тыңдау туралы өзгертілген заң аясында түсіндірме берді.

                                                                                  Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: