Дүйсенбі, 25 қараша, 21:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қоғамдық көлік жүргізушілері әдеп курсынан өтеді

31.01.2021

6115 0

Енді Шымкенттің қоғамдық көлік жүргізушілері сыпайы болуды үйренеді. Олар үшін арнайы тәлім-тәрбиелік курс өткізілмек.

Соңғы уақытта жолаушылар тарапынан автобус жүргізушілерінің дөрекілігі жөнінде арыз-шағым көбейіп кеткен. Тұрғындар сұрағына дұрыс жауап қайтармай, бір-бірімен жарысып, тіпті жаға жыртысуға дейін баратын шымкенттік жүргізушілердің әлеуметтік желіде талай «жұлдыз» болғаны белгілі.

«Енді әдеп курсынан өткен соң тәртіпке көнбесе, жұмыстан шығаруға тура келеді», – дейді диспетчерлік қызмет орталығының мамандары.Автобус жүргізушілері, сондай-ақ психология негіздерін оқып, алғашқы медициналық көмек көрсетуді меңгереді. Жолаушылар жаңа бастамаға жүгенсіз жүргізушілерді сабасына түсіреді деп үміт артып отыр.

– Жүргізушілердің дөрекілігі жөнінде жолаушылардан түскен арыз-шағым толастар емес. Кондукторлардың да тәртібі жетісіп тұрған жоқ. Сол себепті осы оқу орталығын ашуды қолға алдық, – дейді «Диспетчерлік қызмет орталығы» КММ басшысының орынбасары Дархан Қуанышбеков.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: