Сәрсенбі, 10 желтоқсан, 23:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

Қоғамдық көліктерде ақпараттық жұмыстар күшейтілуде

10.12.2025

31 0

Фото: Қоғамдық даму басқармасы

Қала тұрғындары мен жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру және қауіпсіздік қағидаттарын кеңінен насихаттау мақсатында жүргізіліп келе жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жаңа деңгейге шықты. Бұған дейін қоғамдық кеңістіктер мен әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асқан түсіндіру шаралары енді қала ішіндегі қоғамдық көліктерде де кеңінен жүргізілуде.

Қоғамдық көліктерде ақпараттық жұмыстар күшейтілуде

Қазіргі таңда негізгі бағыттар бойынша қатынайтын автобустар «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының мазмұны мен маңызын түсіндіруге арналған арнайы ақпараттық хабарламалар көрсетілуде. Бұл — тұрғындарға күнделікті қозғалыс барысында пайдалы ақпаратты ыңғайлы форматта ұсынуды көздейтін құрал.

Қоғамдық көліктерде ақпараттық жұмыстар күшейтілуде

Мұндай кең ауқымды жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында және жастардың құқықтық сауатын арттыруға ерекше көңіл бөлген Үкіметтің «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының басым бағыттарын түсіндірудің жаңа тәсілі ретінде іске асырылып отыр.

Қоғамдық көліктерде ақпараттық жұмыстар күшейтілуде

Қауіпсіз қоғам — барша азаматтың ортақ міндеті. Әрбір тұрғын заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпке немқұрайлы қарамағанда ғана қаламызда тыныштық пен сенімді орта қалыптасады.

Заңға құрмет – тұрақтылықтың кепілі.

Тәртіп – қауіпсіздіктің негізі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: