Сейсенбі, 04 қараша, 20:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Қоғамдық тамақтану орындарының рұқсат құжаты болуы міндетті

04.11.2025

60 0

Қызылорда облысында тағам нысандарының саны жыл сайын артып келеді. Биыл олардың саны 2078 нысанды құрады. Оның ішінде 582 қоғамдық тамақтану орындары бар. Жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық басқармалары тарапынан жыл басынан бері эпидемиялық маңыздылығы жоғары 32 нысанға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілген.


Сонымен қатар осы жылдың 9 айында «Е-лицензиялау» бағдарлармасы негізінде облыс бойынша елеусіз нысандардың қызметті бастағаны туралы 71 нысаннан хабарлама берілген. Басым көпшілігі Қызылорда қаласы мен Қазалы ауданының үлесінде.
Ас-ауқат – бұл тек тіршілік ету үшін қорек көзі немесе пайда табудағы кәсіп көзі ғана емес, бұл кей жағдайда адам денсаулығына зақым келтіруі мүмкін қауіп болуы мүмкін. Ауру тасымалдағыш микроағзалар азық-түлік арқылы тез таралады. Сондықтан мейрамхана, кафе, асханалардың кез келген қызметкері келушілерге зиян тигізбес үшін санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды жақсы меңгеріп, орындауы тиіс.
Тағамнан уланудың топтық жағдайлары негізінен тамақ дайындау технологиялық процесінің бұзылуымен және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы міндетті талаптардың сақталмауымен байланысты болады.
Барлық қоғамдық тамақтану орындары санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бірдей сақтай бермейді. Оған дәлел Департамент пен аумақтық басқармаларға арыз-шағымдар түсіп отырады. 2025 жыл басынан бері қоғамдық тамақтану орындарына қатысты 84 арыз тіркелді. Көп жағдайда санитариялық тазалықтың сай болмауы, өнімдердің жарамдылық мерзімдерінің өтіп кетуі сияқты мазмұндағы шағымдар жиі түседі. Мамандармен зерделеу жұмыстары жүргізіліп, арыз-шағымда өз дәлелін тапқан арыз-шағымдар бойынша жеке және заңды тұлғаларға 4 394 510 теңге айыппұл салынды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бұзушылықтарды жою туралы 25 ұйғарым берілді.
Қоғамдық тамақтандыру саласы қоғам өмірінде маңызды роль атқарады. Сол себепті қоғамдық тамақтандыру орындарындағы әр кәсіпкер қызмет көрсету кезінде жұқпалы аурулардың қаупін азайту мақсатында санитарлық және эпидемияға қарсы профилактикалық шараларды қамтамасыз етуі тиіс. Ең алдымен бұл нысандардың санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы керек. Қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуі, жұмысқа рұқсатының болуы, жеке бас гигиенасын және ас блогында тазалықты сақтауы, азық-түліктердің қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуына және тез бұзылатын өнімдердің тауарлық көршілестікті ескере отырып, тоңазытқышта сақталуына аса көңіл бөлінуі тиіс. Қоғамдық тамақтану орындарында сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, жарықтандыру, желдету жүйелері ақаусыз болуы керек. Тамақ өнімдерін өндіру, өлшеп-орау, тасымалдау, сақтау, өткізу, тұтыну қалдықтарын жинау және сақтау қатаң талаптарға сай орындалу керек. Ас қауіпсіздігін сақтамаса, салдары топтасқан тағамнан улану, жіті ішек инфекциялары, ботулизм ауруларының пайда болуына әкеліп соғады, бұл аурулардың асқынуы өлім жағдайына дейін әкелуі мүмкін. Сондықтан кәсіпкерлер назарына қандай да бір қоғамдық тамақтану орнын ашуды жоспарласаңыз міндетті түрде санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алғаннан кейін ғана қызметті бастау қажет екендігін ескеруді сұраймыз. Ол үшін «Е-лицензия» ақпараттық жүйесі арқылы аумақтық басқармаларымызға заңнамаларға сәйкес ресімделген өтініш қалдырсаңыз, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер талаптарына сәйкес қызмет көрсетілетіндігін түсіндіреміз.Тұтынушылар да өз кезегінде қоғамдық тамақтану орнын таңдаған кезде оның арнайы рұқсат құжатының болуына баса назар аударуы тиіс.

Гульмира Сыздыкова,
Қызылорда облысының СЭБД басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: