Бейсенбі, 25 шiлде, 19:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Қоғамның еркіндігі  – ұлы құндылық

25.07.2024

209 0

Мемлекетіміздің мүддесі үшін, еліміз бен жеріміз – ата-бабамыздың бізге қалдырған аманатын халық игілігі үшін сақтап қалу, келер ұрпақтарға жеткізу – ел тұтқасын ұстаған «AMANAT» партиясы үшін ең үлкен жауапкершілік.

Тамыры терең тарихымыз, мәдениетіміз бен әдебиетіміз, тіліміз бен салт-дәстүріміз яғни, Тәуелсіз Қазақстанның құндылығын сақтап, оның дамуына жағдай жасау – партияның алға қойған міндеттерінің бірі.

 Соған орай Партиялық жобалар аясында  «Белкөл» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен партия мүшелері арасында волейбол, шахмат спорт түрлерінен сайыстар өткізілді. Оған № 189 орта мектеп ұжым мүшелерімен қоса ата – аналарда белсенділік танытты.

«AMANAT»партиясының жобалары аясындағы  «Ардагерлерді аялайық» атты шарасында 9 Мамыр Жеңіс күніне орай тыл ардагерлеріне арнап «Белкөл» бастауыш партия ұйымымен және №189 орта мектеп ұжымымен және мектеп оқушыларынан құралған топ мерекелік шара ұйымдастырды. Осы орайда кентіміздегі 90 жастан асқан Ұлы Отан соғысының тыл ардагерлері Жақсылық Байтұрсын Әбдраманұлымен Беконова Тәжігүл анамызды құттықтадық. Ізгі ниетпен адамзат баласы мерекелейтін осы күннің тууына айтулы үлес қосқан батыр әкелеріміз пен аналарымыз ұлықтау – саналы ұрпақ міндеті болып қалмақ!

«AMANAT»мемлекеттік мүддеге адал, қоғам игілігіне жұмыс істейтін партия. Халық ұғымында «аманатқа қиянат жасалмайды» деген нақыл сөз бар. ҚР Перезиденті Қ.К.Тоқаевтың халыққа жолдауындағы айтылған тапсырмалар, оларды жүйелі түрде іске асыру мақсатында халықтың үнін тыңдай отыра, аумақтағы халықпен кері байланыс үнемі жүргізіліп келеді. Мектеп оқушыларының  ата – анасының тілектерін тыңдай отыра, оқушылардың жазғы демалыс күндерін тиімді өткізу үшін біршама жұмыстар атқарылды. Мектеп жанындағы  « Балдәурен» күндізгі тынығу лагерінен ашылған ұлттық құндылығымызды насихаттау мақсатында ашылған қазақи нақыштағы жабдықталған шаңырақ астындағы лагерь болды.  Ол біріншіден, оқушылардың жазғы демалыс күндерін тиімді өткізсе, екіншіден, балалар бойындағы ұлттық құндылығымыз саналатын барлық асыл қасиетте бойына сіңіру арқылы халқына адал қызмет ететін ұрпақ тәрбиелеу болатын.

«Белкөл» бастауыш партиясы мүшелері «Таза бейсенбі» акциясы аясында үздіксіз сенбіліктер ұйымдастыруда. Мақсаты: өзіміздің туған қаламыздың таза болуымен қатар, артымыздағы ұрпақтарымызға мұра болып саналатын туған жерімізді таза қалпында аманаттау.

Еліміздің  тұтастығы мен мызғымастығын сақтау, халықтың әл-ауқатын жақсарту, ұлтымыздың рухани болмысын жаңғыртып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру,  ашық азаматтық қоғам қалыптастыру мақсатында жұмыс жасайтын «AMANAT»партиясы әрқашан халықтың жанашыры деп білемін.

Қадиша Қорғанова Мамайқызы

«Белкөл» бастауыш партия ұйымының төрағасы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: